I. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, анықтама үшін телефоны: 8 (7172) 75-47-79, 75-45-96, электронды адрес: d.mussaeva@mid.gov.kz, k.urmantaev@mid.gov.kz, «Б» корпусындағы барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Темір жол көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Жылжымалы темір жол құрамын және оның кепілін тіркеу, теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау бойынша, теміржол құрамының кепілдік келісімшартын тіркеу, тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау үшін жинақ бойынша бақылауды жүзеге асырады және талдау жүргізеді; мемлекеттік қызмет көрсету туралы талдау жүргізеді; жылжымалы теміржол құрамын және оның кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік реестр жүргізеді. Басқарманың міндетіне кіретін басқада міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: теміржол көлігі саласындағы техникалық ғылымдар және технологиялар.

2. Көліктегі автоматтандыру басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Басқарманың қызметін ұйымдастыру; ақпараттандыру саласында Комитеттің нормативтік құқықтық актілерін дайындау мен жетілдіру; жетекшілік ететін республикалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарын жоспарлауды, бақылауды және тиімділігін бағалауды үйлестіру; Комитеттің функцияларын автоматтандыру бойынша іс-шараларды үйлестіру; Қазақстанда магистралдық Зияткерлік көлік жүйелерін құру мен дамыту бойынша іс-шараларды үйлестіру; ақпараттандыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда қатысу; ақпараттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және бағынышты ұйымдармен өзара әрекеттесу қызметін ұйымдастыру; стандарттау бойынша жұмыстарда қатысу; ақпараттандыру саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізуді бақылау; Статистика комитетімен ақпараттандыру саласында статистикалық көрсеткіштерді нақтылау мен даму бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу; басқарманың құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу және өткізуді ұйымдастыру. Басқарма міндеттеріне жататын басқа да міндеттерді іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық (ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету).

3. Көліктегі автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: ақпараттандыру саласында нормативтік-құқықтық актілерді дайындау мен жетілдіруде қатысу; ақпараттандыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда қатысу; ақпараттандыру мәселелері бойынша бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды дайындау; көліктік бақылау саласында ақпараттандыру аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде техникалық тапсырмаларды және техникалық ерекшеліктерді әзірлеу мен келісуде қатысу; GPS/ГЛОНАСС технологияларының негізінде авариялар мен апаттар кезінде жедел ден қою ақпараттық жүйесін жүзеге асыру бойынша жұмыстарын жоспарлауды, бақылауды және тиімділігін бағалауды жүргізу; басқарманың құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу және дайындау. Басқарма міндеттеріне жататын басқа да міндеттерді іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық (ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету).

4. Көліктегі автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Ақпараттандыру саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындау мен жетілдіруде қатысу; ақпараттандыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда қатысу; ақпараттандыру мәселелері бойынша бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды дайындау; көліктік бақылау саласында ақпараттандыру аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде техникалық тапсырмаларды және техникалық ерекшеліктерді әзірлеу мен келісуде қатысу; GPS/ГЛОНАСС технологияларының негізінде авариялар мен апаттар кезінде жедел ден қою ақпараттық жүйесін жүзеге асыру бойынша жұмыстарын жоспарлауды, бақылауды және тиімділігін бағалауды жүргізу; басқарманың құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу және дайындау. Басқарма міндеттеріне жататын басқа да міндеттерді іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық (ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, стандарттау және сертификаттау).

5. Темір жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Темір жол саласын дамыту бойынша бағдарламалық құжаттарды орындау, темір жол көлігі саласындағы қызметті реттейтін мемлекеттік бағдарламаларды, концепцияларды, салааралық және ведомствоаралық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, темір жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауаптарының жобаларын дайындау, халықаралық ынтымақтастық саласындағы келісілген іс амалдарды қамтамасыз ету және темір жол саласындағы халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныс дайындау. Басқарма міндеттеріне кіретін басқа міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (салалар бойынша)) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кеден ісі).


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға

2-қосымшаға

сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:


С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154071

208205

С-4


138248

186551
?


barzani-aireti.html

barzha-saroche.html

bas-bostandiin-shekteu.html

bas-iemz--babalar--.html

bas-maman---tarbaataj.html