I. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық иснпекциясы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 75-үй, анықтама үшін тел./факс: 8 7112 51-40-76, e-mail: batyswood_59@mail.ru «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Кадрлық, қаржылық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, (С-О-5 санаты), 1 бірлік.

Функционалды міндеттер: Мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту рәсімдерін орындау, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімін жүргізу; мемлекеттік сатып алу есептерін дайындау; бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу; бюджет қаражаты тәртібі мен пайдалануын реттейтін нормативтік-әдістемелік базаны әзірлеуге қатысу. Тиісті жылға бюджеттік өтінім дайындауға қатысу. Негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтарға, түгендеу жүргізуге қатысу. ЭССО есептілік және барлық формадағы статистикалық есептілікті жинау және тапсыру бойынша жұмыстарын жүргізу. Арнайы құралдардың берілуі, сақталуы мен есеп жүргізілуін қамтамасыз ету, жолдама қағаздарын, формалық киімдерді есепке алу жеке карточкаларын жүргізу, олардың берілуін, сақталуын және белгіленген кию мерзіміне сәйкес уақытылы шығынға жазылуын қамтамасыз ету. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау және Инспекция басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін, тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды, кіріс құжаттарын, бақылаудағы құжаттарын және инспекция қызметіне байланысты жоғары тұрған басшылықтың басқа тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, Әлеуметтік ғылымдары экономика және бизнес (экономика, қаржы) немесе құқық (құқықтану) немесе заңгер мамандығы. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы, (С-О-5 санаты), 1 бірлік.

Функционалды міндеттер: Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау. Орман және жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау бойынша рейдтерге қатысу. Орман және жануарлар дүниесін қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік мекемелерімен орманды өрттерден қорғау бойынша, заңсыз кесулерден, химиялық заттармен ластаулардан және зақымдаулардан, қалдықтардан, лай сулардан және басқа да орманға келтірілетін залал түрлеріне қарсы шаралардың орындалуларын тексеруді жүзеге асыру. Орман кесу билеттерін және ағаш билеттерінің дұрыс берілуін тексеру. Белгіленген тәртіпте табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды жою, сондай-ақ шаруашылық қызметті тоқтату туралы ұйғарым беру. Орманды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша ағымдағы және болашаққа жоспарларды әзірлеуге, оны өртке қарсы және рекреациялы орналыстыруға қатысу. Орман орналастыруды жүргізуге және ормандарды өртке қарсы жабдықтауды жобалауға қатысу. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуге қатысу. Орманды жандандыру, орман тұқымды жұмыстарды, отырғызу материалдарын өсіру бойынша жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінде тұрақты орман тұқымды базаны құру, пайдалану және ол жұмыстардың сапасын бақылау. Барлық орман пайдаланушылармен ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қадағалау, мемлекеттік бақылау жүргізу. Барлық орман пайдалану түрлері бойынша, орман ресурстарын тиімді пайдалануға, орманды түбінен босату және кесу ережелерінің сақталуына, кесу орындарының тазалануына қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінің кеспе ағаштарды белгілеу сапасына, олармен техникалық құжаттардың толтырылуына, орман пайдалануларға рұқсат құжаттарының берілуіне мемлекеттік бақылау жүргізу. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы саласында облыстағы атқарушы органдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Бұқаралық ақпарат құралдарында орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Инспекция атынан соттарда талапкер ретінде қатысу. Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуына жауапты. Бекітілген авткөлікке қызмет етуді жүзеге асыру. Бөлімнің жұмыс жоспарын, өз лауазымдық міндеттерін нақты орындау. Бөлімдегі құжаттарды сапалы және уақытында орындау, орындалған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес орналастыру. Инспекция басшылығымен анықталатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, Ауыл шаруашылығы ғылымдары (орман ресурстары және орман өсіру, агрономия, агроинженерия, топырақтану және агрохимия), жаратылыстану ғылымдары (биология, экология). Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға

2-қосымшаға

сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары


Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5


83282

112430
?


bartanov--a--i--.html

barter-card-is-offering.html

barter-systems--inc.html

bartholomae--christian.html

bartl-veliler-okul.html