Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық)

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерінің

3-қосымшасы

Жинақта қамтылған басқарма ғимараттарына жататын ғимараттардың сипаттамасы


Ғимараттың құрылымдық элементтері материалына байланысты екі топқа бөлінеді.

Бірінші топ: қабырғалары – кірпіш, панель; іргетастары – тас және бетон.

Екінші топ: қаптамасы нағыз гранит, қабырғалары монолитті темір бетон.

Күтпеген жұмыстарға мыналар жатады: ұсақ зақымдары мен ақауларын жою, авариялар мен апатты зілзалалардың салдарын жою, апатты зілзалалар мен авариялардан кейін кезектен тыс тексерулерді жүргізу.

Тексерулер әр айға жасалатын кестелер бойынша жүргізіледі. Тексерулердің барысында жұмысшылар анықталған ұсақ ақауларды жояды.

Кезектен тыс тексерулер нөсерлерден, қатты қар көшкінінен, желден кейін жүргізіледі.

Профилактикалық ағымдағы жөндеу объекті бойынша жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Шұғыл түрде жою сипаты бар барлық ақаулар Ғимаратты техникалық пайдаланудың қолданыстағы ережелері мен нормаларына сәйкес белгіленген мерзімдерде орындалады. Шұғыл түрде жою сипаты жоқ ақаулар профилактикалық жөндеу кезінде жойылады. Авариялар мен апатты зілзалаларды жою жөніндегі жұмыстар көлемі арнайы, жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде белгіленеді. Ғимараттар жоғары технологиялық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесімен жарақтандырылған, оған қазіргі заманғы жылыту, желдету, ауаны баптау, лифтілер және әлемнің алдыңғы қатарлы фирмаларының басқа да күрделі аспаптары мен жабдықтарының моделі кіреді. Барлық жүйелердің жұмысын басқару мен бақылауды компьютерлік автоматты бақылау және реттеу орталығы қамтамасыз етеді.

Осылайша, ғимараттың техникалық тіршілік қызметін қамтамасыз ету жүйесі мыналар болып табылады:

ішкі сумен жабдықтау және кәріз жүйесі;

желдету және ауаны баптау жүйесі;

жылумен жабдықтау жүйесі;

байланыс және өртке қарсы сигнал беру жүйелері.
Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық)

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерінің

4-қосымшасы

Ғимаратты техникалық пайдалану және ағымдағы жөндеу жөніндегі қызмет көрсету нормалары


Қызмет көрсету нормалары жыл ішінде тиісті кәсіптегі бір жұмысшының жұмыс көлемін орындау үшін белгіленген және жұмыс түрлері мен ғимараттар тобы, сондай-ақ оларды пайдалану мерзімдері бойынша сараланған.

Ғимараттың құрылымдық элементтері материалына байланысты екі топқа бөлінеді.

Бірінші топ:

қабырғалары – кірпіш, панель;

іргетастары – тас және бетон.

Екінші топ:

қабырғалары монолитті темір бетон; қаптамасы нағыз гранит, сөрелері – алюминий, кіреберісі сырттан түрлі түсті рефлекторлық әйнекпен шыныланған; металл пластикадан жасалған қиын ашылатын терезелер; алюминийден жасалған есік; шатыры – жақсы жылытылған балқытылған мембрана.

Ғимаратты ағымдағы жөндеу ғимараттың бөліктерін, инженерлік жабдықтарды уақытынан бұрын тозудан сақтау жөніндегі жоспарлы - алдын алу жұмыстарынан және ғимаратты пайдалану барысында туындаған ұсақ зақымдары мен ақауларын жою жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты жөндеу жөніндегі жұмыстар жоспарланған және күтпеген жерден болған деп бөлінеді.

Жоспарланған жұмыстарға мыналар жатады: мерзімдік тексерулер және профилактикалық жөндеу.

Күтпегендерге мыналар жатады: ұсақ зақымдарын мен ақауларын жою, авариялар мен апатты зілзалалардың салдарын жою, апатты зілзалалар мен авариялардан кейін кезектен тыс тексерулерді жүргізу.

Тексеру әр айға жасалатын кестелер бойынша жүргізіледі.

Тексеру барысында жұмысшылар анықталған ұсақ ақауларды жояды.

Кезектен тыс тексерулер нөсерлерден, қатты қар көшкінінен, желден және тағы басқа да кейін жүргізіледі. Профилактикалық ағымдағы жөндеу объектісі бойынша жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Шұғыл түрде жою сипаты бар барлық ақаулар Ғимаратты техникалық пайдаланудың қолданыстағы ережелері мен нормаларына сәйкес белгіленген мерзімдерде орындалады. Шұғыл түрде жою сипаты жоқ ақаулар профилактикалық жөндеу кезінде жойылады. Авариялар мен апатты зілзалаларды жою жөніндегі жұмыстар көлемі арнайы, жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде белгіленеді.

Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық)

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерінің

5-қосымшасы


Ұйымның ғимаратында қызмет көрсету үшін жұмысшылар санын есептеу мысалы


Ұйым ғимаратының қызмет көрсетуші персоналының санын белгілеу.

Ұйым бастапқы деректер:

Көше жағынан бір кіреберісі бар ұйымның ғимаратында 640 адам жұмыс істейді.

Ғимараттың жалпы алаңы (м2) – 3458, оның ішінде: қызметтік үй-жайлар алаңы - 1970 (толтырылу коэффициенті 0,2-ден 0,4-ке дейін), отырыс залының алаңы 490 (толтырылу коэффициенті 0,6), дәліздер алаңы - 555 (толтырылу коэффициенті 0,2-ге дейін), вестибюль алаңы - 108 (коэффициенті 0,3), ерлер дәретханасы алаңы - 55, әйелдер дәретханасы алаңы 70, баспалдақ алаңы - 210.

Ғимаратта өздігінен қолдануға арналған үш лифт бар (екі лифт қатар және біреуі жеке орналасқан).

Ғимарат ауа желдеткішімен жабдықталған, гардероб 850 орынға есептелген және бір ауысымда жұмыс істейді. Жабдықтар бірлігіне шаққандағы жеке тұлғалардың саны – 550.

Жиһаз бірлігінің саны – 800.

Барлық кәсіптер үшін жоспарланып отырған демалыстар, ауруы бойынша және тағы басқа да жұмысқа шықпаулардың коэффициенті (Кн) 1,1 (шартты түрде қабылданған) және мына формула бойынша белгіленген:

Кн =

Тізімдік сан (Ст) формула бойынша белгіленеді:

Ст = Ск х Кн
Қызметтік үй-жайларды тазалаушы:

Ғимараттың көрсетілген алаңына байланысты, 11 және 12-кестелер бойынша сандық мәндерін қойып, қызметтік үй-жайлардағы тазалаушылардың нормативтік келу санын белгілейміз.

Ск = + + + + + + = 6,28 адам
Тізімдік сан: Ст = 6,28 х 1,1 = 6,91 ≈ 7 адам

Ауланы тазалаушы (аула сыпырушы):

Ғимараттың айналасындағы аула алаңы -7554м2

Салқын мезгілде 1 адамның қызмет көрсету нормасы (жылына қатты жауын-шашынды күндер саны - 55 және жолаушылар қозғалысының қарқындылығы бойынша 100 ад./сағ. дейін) 2460м2 құрайды.

Жылы кезеңдегі 1 адамның қызмет көрсету нормасы (жылына сұйық жауын-шашынды күндер саны - 50 және жолаушылар қозғалысының қарқындылығы бойынша 100 ад./сағ. дейін) 4170м2 құрайды.

Есептік саны 7554 : 2460 = 3,07 құрайды

Есептік саны 7554 : 4170 = 1,81 құрайды

Жиынтығы: 3,07 + 1,81 = 4,88

Тізімдік саны:

Ст = 4,88 х 1,1 = 5,36 ≈ 5 адам


Гардеробшылар санын есептеу үлгісі:

1-кесте бойынша гардеробтағы (850) орындар санына орай, гардеробшылардың ауысымда нормативтік келу санын белгілейміз (Ск). Осы ғимарат үшін ол 2,44 адамды құрайды. Гардеробшылардың тізімдік саны:

Ст = 2,44 х 1,1 = 2,68 ≈ 3 адам

Рұқсаттама бюросы қызметкерлерінің санын есептеу үлгісі:


Рұқсаттама бюросы кезекшілері санының нормативі мына формула бойынша белгіленеді:

Нс =

мұндағы: Т – жыл ішіндегі нормалар деректері бойынша есептелген нормаланған жұмыстардың жиынтық еңбек сыйымдылығы, сағ (үлгі ретінде – 2000 с);

К1 - жұмысқа шықпау коэффициенті - 1,1

Ф - жыл ішінде бір қызметкердің жұмыс уақытының пайдалы қоры, сағ (үлгі ретінде 1984 с қабылданды).

С = (2000 х 1,1)/1984 = 1,1


Лифтёрлер:
Ғимараттағы посттардың санына байланысты 1 (бір) адамға тең ауысымдағы келу санының нормативін белгілейміз. 3 ауысымдағы жұмыстағы лифтёрлердің тізімдік саны мынаған тең:

Ст = 1 х 3 х 1,1 = 3,3


Инженерлік жабдықтарға күтім жасайтын және жөндейтін жұмысшылардың нормативтік санын есептеу үлгісі

Бастапқы деректер:

Ғимараттың жалпы алаңы - 3000 м2

Жұмысқа шықпау коэффициенті - 1,1


Тізімдік саны Ст = 2,31х1,1= 2,5 ≈ 3 адам

Ғимараттардың құрылымдық элементтерін жөндеумен айналысатын жұмысшылардың нормативтік санын есептеу үлгісі


Бастапқы деректер:

Рубероидтан жасалған төбе жабынының алаңы - 500 м2

Ғимараттың жалпы алаңы - 3000 м2

Жиһаз бірлігінің саны - 800

Техникалық қабаттардың, жертөлелердің жалпы алаңы - 750 м2


Тізімдік санын мыналар құрайды: Ст = 0,85х1,1= 1,0 адам

Желдеткіш жабдықтарына күтім жасайтын және жөндейтін жұмысшылардың нормативтік санын есептеу үлгісі


Жұмыс уақытының жылдық қоры– (үлгі ретінде 1984 с қабылданды)

Жұмысқа шықпау коэффициенті - 1,1

Лифтілер шахтасы:

ауаны баптайтын үш желдеткіш – ВF1, ось типті,

өнімділігі W = 50 000 м3/сағ -0,006 адам

ауаны баптайтын екі желдеткіш – ВF2, ось типті

өнімділігі W = 33 000 м3/сағ -0,005 адам

ауаны баптайтын екі желдеткіш – ВF3, ось типті

өнімділігі W = 16 500 м3/сағ -0,003 адам

Баспалдақ жақтаулары:

ауаны баптайтын екі желдеткіш – ВF4, ось типті

өнімділігі W = 44 000 м3/сағ -0,0064 адам

ауаны баптайтын төрт желдеткіш – ВF5, ось типті

өнімділігі W = 13 000 м3/сағ -0,003 адам

өнімділігі автономды болатын бес ауа баптағыш

ауа бойынша, текше. м/с 3000-ға дейін -0,030 адам

өнімділігі орталықтан болатын бір ауа баптағыш

ауа бойынша, 40 мың. текше м/с -0,162 адам

Матадан жасалған бес сүзгі

1500 текше м/с -0,003 адам

калориферлер, қыздырылатын жері 100 шаршы.м. -0,001 адам

диаметрі 300 мм ауа өткізгіштің 200 м ұзындығына

фасонды бөліктері бар дөңгелек ауа құбыры 0,003 адам

Жиынтығы: 0,006х3 + 0,005х2+ 0,003х2 + 0,006х2+0,003х4 + 0,030х5 + 0,162х1 + 0,003х5 + 100х0,001 + 200 х 0,003 = 1,085

Тізімдік санын мыналар құрайды: Ст = 1,085 х 1,1 ≈1,2 адам

Байланыс жұйелерінің пайдаланумен айналысатын жұмысшылардың

санын есептеу үлгісі
Бастапқы деректер:

Жұмыс уақытының жылдық қоры - (үлгі ретінде 1984 с қабылданды)

Жоспарланып отырған шықпаулар коэффициенті - 1,1.


Жиынтығы: 2х0,254 + 3х0,277 + 1х0,460 + 1х0,602 + 1х0,164 + 1х0,20 +1х0,730 = 3, 49 адам

Ст = 3,495 х 1,1 = 3,8 ≈ 4 адам

Жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың

санын есептеу үлгісі


Бастапқы деректер:

Жұмыс уақытының жылдық қоры - (үлгі ретінде 1984 с қабылданды)

Жоспарланып отырған шықпаулар коэффициенті - 1,1.


Жыл ішінде жүк тиеу-түсіру жұмыстарының көлемін орындау үшін қажетті жұмысшылардың тізімдік саны мынаны құрайды: (945,71/1984)х1,1=0,52 ≈ 0,5 адам

Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық)

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерінің

6-қосымшасы

Қолданылған әдебиеттер
Жинақты жасағанда мынадай нормативтік материалдар пайдаланылған:

Хронометражды байқаулар деректері.

Техникалық есептемелер.

Су құбыры – кәріз шаруашылығы басшылары, мамандары, қызметшілері мен жұмысшылары санының нормативтері (Алматы қаласы, 1997 жылғы).

Қоғамдық ғимараттарға (басқарма ғимараттары мен конструкторлық және жобалау ұйымдары) қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері (Мәскеу қаласы, Орталық еңбекті нормалау бюросы (бұдан әрі – ОЕНБ), 1988 жылғы).

Спорт құрылыстарының техникалық күтімімен айналысатын қызметкерлер санының нормативтері (Мәскеу қаласы, ОЕНБ, Экономика, 1986 жылғы).

Сауықтыру кешендері қызметкерлері санының нормативтері (Мәскеу қаласы, Экономика, 1990 жылғы).

Әкімшілік, оқу және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсетудің еңбек нормалары (Минск қаласы, Беларус Республикасы, Еңбек және халақты әлеуметттік министрлігінің Ғылыми-зерттеу институты, 2003 жылғы).

Тұрғын үй, су құбыры-кәріз және энергетика шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін нормалау және еңбегіне ақы төлеу жөніндегі ұсыным (Мәскеу қаласы, 1993 жылғы).

Мәдени–тұрмыстық мақсаттағы объектілер мен қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен және оларды жөндеумен айналысатын қызметкердің еңбегін нормалау жөніндегі ұсыным (Мәскеу қаласы, 2005 жылғы).

Автокөлік кәсіпорындарындағы қосымша жұмыстармен айналысатын жұмысшылар санының салааралық нормативтері (Мәскеу қаласы, 2006 жылғы).

Энергетикалық шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін нормалау жөніндегі ұсыным. (Мәскеу қаласы, 1999 жылғы).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қосымша жұмыстарындағы еңбек нормалары. (Мәскеу қаласы, 2006 жылғы).
©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтері - бет 5


Аумаққа жапсарлас ауланы тазалаудың мерзімділігі

р/с№

Жүргізілген жұмыс түрлері

Жүргізу мерзімдері

1.

Аумаққа жапсарлас ауланы тазалау

Күн сайын

Ғимараттар тобы

Ғиматтардың атауы

А тобы

Мемлекеттік басқарма ғимараты

В тобы

Облыстар, қалалар мен аудандар басқармаларының ғимараттары

р/с


Орындалатын операциялар түрі

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігіне шаққандағы уақыт нормасы, сағат

Жыл ішіндегі жұмыс көлемі, сағат

1

Бір реттік рұқсат қағазын толтыру және беру

Бір бланк

0,05

2000


Жиынтығы



2000

р/с



Кәсіптердің атауы

Сан нормативі

1.

Слесарь - сантехник

0,2х3,0=0,6

2.

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер

0,37х3,0=1,11

3.

БӨАжА слесарі

0,18х3,0=0,54

4.

Электрлі газбен пісіруші

0,01х3,0=0,03

5.

Слесарь – жөндеуші

0,01х3,0=0,03


Жиынтығы:

2,31

р/с



Кәсіптердің атауы

Сандық норматив

1.

Орама төбе жабындарын және дара материалдардан жасалған төбе жабындарын жабушы

0,07х0,5=0,035

2.

Сырлаушы

0,01х3,0=0,03

3.

Ағаш шебері

0,02х3,0=0,06

4.

Әйнекші

0,01х3,0=0,03

5.

Сылақшы

0,01х3,0=0,03

6.

Аға ұстасы

0,08х8=0,64

7.

Көмекші жұмысшы

0,03х0,75=0,02

8.

Жиынтығы:

0,85

Жабдықтардың атауы

дана

Жұмысшылар санының нормативі, адам

Радио- және радио-реттегіш байланыс аппаратурасы

2

0,254

Электрмен қоректендіру қондырғысы

3

0,277

Диспетчерлік байланыс аппаратурасы

1

0,460

Дыбысты байланыс аппаратурасы

1

0,602

Автоматика және сигнал беру аппаратурасы

1

0,164

Өндірістік байланыс аппаратурасы

1

0,20

Телевизиялық өнеркәсіптік қондырғылар

1

0,730

р/с №

Жұмыстардың құрамы

Тиеу-түсіру жұмыстарының жылдық көлемі

1 тонна жүкке шаққандағы уақыт нормасы, ад/сағ

Жылдық нормативтік еңбек сыйымды

лығы,


ад/сағ

1

Қаптағы жүкті автокөлікке тиеу (30 кг дейін)

287,5

0,38

109,25

2

Байламдар мен жәшіктерге (30 кг дейін) жүк салу (30 кг дейін)

315

0,41

129,15

3

Жиһазды (үстелдер, орындықтар) автокөлікке тиеу

150

0,38

57,0

4

Терезе мен айна шынысы, шыны және эмаль ыдыс, шыны мен фарфордан жасалған бұйымдар

100

0,43

43,0

5

Бумадағы паркетті түсіру

50

0,43

21,5

6

Қаптағы жүкті автокөлікке тиеу (30 кг дейін)

305

0,38

115,9

7

Қаптағы жүкті автокөлікке тиеу (20 кг дейін)

285

0,41

285,41

8

Жинақтағы металдан және шыныдан жасалған ыдысты тараға салып, автокөлікке тиеу

225

0,82

184,5


Жиынтығы:



945,71
?


barrage-de-champsanglard.html

barrel-abbarreli.html

barri-de-can-trias.html

barriers-to-effective.html

barrimor-dzhon---kniga.html