©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

барысындағы мiндеттерi - Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер


                барысындағы мiндеттерi

      Ереуiл өткiзу кезеңiнде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды келiссөздер жүргiзу жолымен шешудi жалғастыруға мiндеттi.


      Жұмыс берушi, мемлекеттiк органдар және ереуiлдi басқаратын орган ереуiл кезеңiнде қоғамдық тәртiптi, ұйымның мүлкiн және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ тоқтап қалуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төндiретiн машиналардың және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету жөнiндегi өздерiне байланысты шараларды қабылдауға мiндеттi.
      Ескерту. 301-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

     

302-бап. Қызметкерлерге ереуiл өткiзуге байланысты


                берiлетiн кепiлдiктер

      1. Ереуiлдi ұйымдастыру немесе оған қатысу (осы Кодекстiң 303-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердiң еңбек тәртiбiн бұзуы деп қаралмайды және осы Кодексте көзделген тәртiптiк ықпал ету шараларының қолданылуына әкеп соқпайды.


      2. Ереуiл кезiнде қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтiк сақтандыру бойынша жәрдемақы төлемiне құқығы, еңбек өтiлi сақталады, сондай-ақ еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепiлдiк берiледi.
      Ереуiлдi жалақының төленбеуiне немесе уақтылы төленбеуiне байланысты өткiзуден басқа жағдайларда, ереуiлге қатысушы қызметкерлердiң ереуiл кезiндегi жалақысы сақталмайды.

     

303-бап. Заңсыз ереуiлдер

      1. Ереуiлдер:
      1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы  заңнамағасәйкес айрықша шаралар енгiзiлген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң органдары мен ұйымдарында, елдiң қорғанысын, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, авариялық-құтқару, iздестiру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерiмен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарында; қауiптi өндiрiстiк объектiлер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;
      2) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шарттар сақталмаған жағдайда, темiр жол көлiгi, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауiптi зардаптарға әкеп соғуы мүмкiн үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде;
      3) осы Кодексте көзделген мерзiмдер, рәсiмдер және талаптар ескерiлмей жарияланған жағдайда;
      4) адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қатер төндiретiн жағдайларда;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып танылады.
      Осы тармақта көрсетiлген негiздердiң бiреуi болғанда, сот тиiстi шешiм шығарғанға дейiн прокурор ереуiлдi тоқтата тұруға құқылы.
      2. Темiр жол көлiгi, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуiл жергiлiктi атқарушы органмен алдын ала келiсу
негiзiнде айқындалатын халыққа қажеттi тиiстi қызмет көрсетулердiң тiзбесi мен көлемi сақталған жағдайда өткiзiледi.
      Үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде ереуiл негiзгi жабдықтардың, тетiктердiң iркiлiссiз жұмысы қамтамасыз етiлген жағдайда ғана өткiзiлуi мүмкiн.
      3. Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылдайды.
      4. Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот жұмыс берушiнiң немесе прокурордың өтiнiшi бойынша қабылдайды.
      Сот шешiмi қызметкерлерге ереуiлдi басқаратын орган арқылы жеткiзiледi, ол ереуiлге қатысушыларды сот шешiмi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi, ал ереуiлдi басқаратын орган болмаған кезде – тiкелей жұмыс берушi жеткiзедi.
      Жұмыс берушi сот шешiмiнiң мәтiнiн көпшiлiкке көрiнетiндей қолжетiмдi жерлерде орналастыруды қамтамасыз етедi.
      Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы сот шешiмi дереу орындалуға, ал ереуiл тоқтатылуға тиiс.
      Адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе сот тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн ереуiлдi тоқтата тұруға құқылы.
      5. Ереуiлдi басқарушы органның сот шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар.
      Ескерту. 303-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

     

304-бап. Ереуiлдердi заңсыз деп танудың салдары

      Сот ереуiлдi заңсыз деп танығанда, жұмыс берушi ереуiлдi ұйымдастыруға немесе өткiзуге қатысқан қызметкерлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуы мүмкiн.

     

305-бап. Локаутқа тыйым салу

      Ереуiл өткiзудi қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында локаутқа, яғни қызметкерлердiң ұжымдық еңбек дауына немесе ереуiлге қатысуына байланысты, осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, солармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға тыйым салынады.
      Ескерту. 305-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-БӨЛIМ. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ

33-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ


МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ

      

306-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау


                

саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi


                

бағыттары

      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат:


      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге және қабылдауға; P081353, P081351, P081335, P081331, P081265, P081198, P080217, P071398
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге;
      3) еңбек жағдайларын, оның қауiпсiздiгi мен қорғалуын әзiрлеу және жақсарту, қауiпсiз техникалар мен технологияларды әзiрлеу және енгiзу, еңбектi қорғау, қызметкерлердiң жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндiру жөнiндегi қызметтi экономикалық ынталандыру жүйелерiн құруға және iске асыруға;
      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi жүзеге асыруға;
      5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге;
      6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды есепке алудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеуге;
      7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылауға;
      8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қызметкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн нормативтi түрде бекiтуге;
      9) өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан және кәсiптiк аурулардан зардап шеккен қызметкерлердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң заңды мүдделерiн қорғауға;
      10) ауыр жұмыс және өндiрiс пен еңбектi ұйымдастырудың қазiргi заманғы техникалық деңгейiнде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыс үшiн еңбекақы төлеу шарттарын белгiлеуге;
      11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбектi қорғау жөнiндегi отандық және шетелдiк озық жұмыс тәжiрибесiн таратуға;
      12) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;
      13) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бiртұтас ақпараттық жүйенiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;
      15) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
      Ескерту. 306-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

     

307-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау


                саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және


                қадағалау

      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi, еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.

     

308-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау


                жөнiндегi талаптар

      1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi және қызметкерлердiң еңбек қызметi процесi кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелердi, рәсiмдер мен нормативтердi қамтуға тиiс.


      2. Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.
      Ескерту. 308-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      

309-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау


                

саласындағы мониторинг пен тәуекелдердi


                

бағалау

      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрiстiк жарақаттануды азайту және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторинг пен тәуекелдердi бағалауды ұйымдастырады.

34-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ


ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПIЛДIКТЕРI

     

310-бап. Еңбек шартын жасасу кезiнде еңбек қауiпсiздiгi


                және еңбектi қорғау құқықтарына берiлетiн


                кепiлдiктер

      1. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйектi сипаттамасы, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайлардағы жұмыс үшiн берiлетiн кепiлдiктер,


жеңiлдiктер мен өтемақы төлемдерi көрсетiлуге тиiс.
      2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендiгi айқындалғаннан кейiн жүзеге асырылуға тиiс.

     

311-бап. Еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң еңбек


                қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарына


                берiлетiн кепiлдiктер

      1. Жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайлары мемлекеттiк стандарттарға, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер талаптарына сәйкес болуға тиiс.


      2. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
      3. Өзiнiң немесе айналасындағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туындаған жағдайда, қызметкердiң жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртiптiк және (немесе) материалдық жауапкершiлiкке тартуға әкеп соқпайды.
      4. Жұмыс берушi қызметкердi жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек мiндеттерiн орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс берушi осы себеп бойынша туындаған iркiлiс кезiнде қызметкердiң орташа жалақысы мөлшерiнде еңбекақы төлеуге мiндеттi.
      5. Еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, келтiрiлген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен және шарттарда жүргiзiледi.

     

312-бап. Қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру

      1. Жұмыс берушi ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдiк медициналық тексеруден және тексерiлуден өткiзудi өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi.
      2. Ерекше қауiптi жұмыстармен, машиналармен және тетiктермен байланысты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етiлетiн кәсiптердiң тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.

     

313-бап. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi


                қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру


                және бiлiмдерiн тексеру

      1. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, нұсқама берудi және бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.


      2. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейiннен олардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмi мiндеттi түрде тексерiле отырып, жұмыс берушi ұйымдастыратын алдын ала оқытудан мiндеттi түрде өтедi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және бiлiмiн тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
      4. Өндiрiстiк қызметтердi жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мерзiмдi, үш жылда кемiнде бiр рет кадрларды кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан және бiлiмiн тексеруден өтуге мiндеттi.
      Оқуы және бiлiмi тексеруден өтуге тиiс адамдардың тiзiмi жұмыс берушiнiң актiсiмен бекiтiледi.
      Ескерту. 313-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

35-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШIНIҢ ЕҢБЕК


ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН


МIНДЕТТЕРI

     

314-бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi


                қорғау құқықтары

      Қызметкердiң:


      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына;
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етiлуге;
      3) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғауға тексеру жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiруге;
      4) өзi немесе өз өкiлi арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға қатысуға;
      5) денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай туындаған кезде бұл жөнiнде тiкелей басшысына немесе жұмыс берушiге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен еңбек мiндеттерiн қауiпсiз атқару үшiн қажеттi бiлiм алуға және кәсiптiк даярлыққа;
      7) жұмыс берушiден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйi, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы, өмiрi мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғау жөнiндегi шаралар туралы дәйектi ақпарат алуға;
      8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
      9) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңсыз әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар.

     

315-бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi


                қорғау саласындағы мiндеттерi

      Қызметкер:


      1) өндiрiсте болған әрбiр жазатайым оқиға, кәсiптiк аурудың (уланудың) белгiлерi, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдай туралы өзiнiң тiкелей басшысына дереу хабарлауға;
      2) мiндеттi мерзiмдi медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшiн не кәсiптiк аурудың белгiлерi пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге;
      3) жұмыс берушi беретiн жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға;
      4) медициналық мекемелер ұсынған емдiк және сауықтыру iс-шараларын жұмыс берушi қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;
      5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, ережелердiң және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушiнiң өндiрiстегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi талаптарын сақтауға мiндеттi.

     

316-бап. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және


                еңбектi қорғау саласындағы құқықтары

      Жұмыс берушi:


      1) қызметкерлердi жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау жөнiндегi өнертапқыштық ұсыныстары үшiн ынталандыруға;
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды бұзатын қызметкерлердi осы Кодексте белгiленген тәртiппен жұмыстан шеттетуге және тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуға құқылы.

      

317-бап. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және


                

еңбектi қорғау саласындағы мiндеттерi

      1. Жұмыс берушi:


      1) профилактикалық шаралар жүргiзу, өндiрiстiк жабдықтар мен технологиялық процестердi олардың неғұрлым қауiпсiз түрлерiмен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдердi болғызбау жөнiндегi шараларды қабылдауға;
      2) қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткiзуге;
      3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық iс-шараларын жүргiзуге;
      4) нұсқаулар беруге, өндiрiстiк процесс пен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi құжаттармен қамтамасыз етуге;
      5) бiлiмiн тексеруден өтуге және басшылар мен мамандардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмдерiн тексерудi ұйымдастыруға;
      6) қызметкерлерге қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердiң арнаулы киiмi мен аяқ киiмiн берудi және жөндеудi, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормаларға сәйкес қызметкерлердi профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге;
      7) өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне, қызметкерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрауы бойынша еңбек жағдайлары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпарат беруге;
      8) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
      9) өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк ауруларды тiркеудi, олардың есебiн жүргiзудi және талдауды жүзеге асыруға;
      10) қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысуымен өндiрiстiк объектiлерде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаға сәйкес еңбек жағдайлары бойынша бес жылда кемiнде бiр рет мерзiмдiк аттестаттауды жүргiзуге;
      10-1) бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық жеткiзгiштерде өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне ұсынуға;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тексерудi қамтамасыз етуге;
      12) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
      13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне хабарлауға;
      14) қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезiнде не кәсiптiк аурудың белгiлерi пайда болғанда өз қаражаты есебiнен қызметкерлердi мiндеттi, мерзiмдiк (еңбек қызметi барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткiзуге;
      16) авариялық жағдайдың өршуiн және жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға әсер етуiн болғызбау жөнiндегi шұғыл шараларды қабылдауға мiндеттi.
      2. Қызмет ерекшелiктерi мен жұмыстардың түрлерi, айрықша қауiптiлiк көздерiнiң болуы ескерiле отырып, еңбек шартында не ұжымдық шартта жұмыс берушiнiң қосымша мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
      Ескерту. 317-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19 N 9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

     

318-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау


                жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушiнiң қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.


      Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды.
      Қаражат көлемi ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.
      Ескерту. 318-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

36-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГIН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

      

319-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау


                

саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi


                

қабылдау

      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсiмдер мен нормативтердi белгiлейдi.


      Ескерту. 319-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

     

320-бап. Өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын

?


barkamol-avlod--vatanning-2.html

barkamol-avlod--vatanning-7.html

barkamol-avlod-3.html

barkamol-avlod-vatanning-2.html

barkamol-avlod-vatanning.html